Мектепте «Мың алғыс,ұстазым» атты мерекелік құттықтау өткізілді. » КГУ «Общеобразовательная школа №96» Управления образования г.Алматы
Коммунальное государственное учреждение
«Общеобразовательная школа №96»
Управления образования города Алматы
Қабылдау бөлім:
+7(727) 374-03-90
Бухгалтерия
+7(727) 374-03-89
Версия для
слабовидящих
» » Мектепте «Мың алғыс,ұстазым» атты мерекелік құттықтау өткізілді.
04
октябрь
2021

Мектепте «Мың алғыс,ұстазым» атты мерекелік құттықтау өткізілді.

Октябрь айының алғашқы жексенбісі мұғалімдер мерекесіне орай № 96 ЖББ мектепте «Мың алғыс,ұстазым» атты мерекелік құттықтау өткізілді. Мектеп директоры Жумагалиева Р.Х.:

«Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Преподаватели күні де күздің үлесіне тиіпті. Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әліппе үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя – мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады. Олай болса, мұғалім бақыты – шәкірт құрметі.» деп мектеп мұғалімдерін мерекемен құттықтады.