Алматы қаласы Білім басқармасының
«№96 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлім:
+7(727) 374-03-90
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-03-89
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
қараша
2025

Педагогикалық кеңес / Педагогический Совет

2025 жылғы 30 қазанда мектебімізде «Жасанды интеллектіні оқу үдерісіне интеграциялау» тақырыбында педагогикалық кеңес өтті.

Кеңестің мақсаты — жасанды интеллект технологияларын енгізу арқылы білім беру үдерісінің тиімділігін арттыру, педагогтердің цифрлық құзыреттіліктерін дамыту және оқушылардың білім сапасын жақсартуға бағытталған заманауи оқыту құралдарын қолдану.

Педагогикалық кеңес барысында келесі мәселелер қарастырылды:
•    2025–2026 оқу жылының I тоқсаны бойынша оқу үлгеріміне мониторинг жүргізу;    
•    Оқушылардың білім сапасын арттыруға бағытталған шаралар;    
•    Пән бірлестіктерінің жұмысына талдау;    
•    Testter.kz білім беру платформасын пайдаланудың артықшылықтары;    
•    Жасанды интеллектіні оқу үдерісіне енгізу;    
•    Ерекше білім берілуіне қажеттілігі бар (ЕББҚ) балалармен жеке жұмыс жүргізу;    
•    «Әлемде жоқ жануар» атты арт-терапиялық шығармашылық жұмысы.
Педагогикалық кеңес кәсіби ынтымақтастық, тәжірибе алмасу және жаңашыл шешімдерді іздеу атмосферасында өтті.
Мектеп ұжымы цифрлық технологияларды белсенді түрде енгізіп, «ЖИ-ды оқу үдерісіне интеграциялау» жобасын жүзеге асыруды жалғастыруда.


30 октября 2025 года в нашей школе состоялся педагогический совет на тему
«Интеграция искусственного интеллекта в учебный процесс».
Цель заседания - повышение эффективности образовательного процесса через внедрение технологий искусственного интеллекта, развитие цифровых компетенций педагогов и использование современных инструментов обучения для улучшения качества знаний обучающихся.
В рамках педсовета были рассмотрены следующие вопросы:
мониторинг успеваемости за I четверть 2025-2026 учебного года;
меры по повышению качества знаний обучающихся;
анализ работы методических объединений педагогов;
преимущества использования образовательной платформы Testter.kz;
внедрение искусственного интеллекта в учебный процесс;
индивидуальная работа с детьми с особыми образовательными потребностями (ООП);
творческая арт-терапия «Элемде жок жануар».
Педагогический совет прошёл в атмосфере профессионального сотрудничества, обмена опытом и поиска инновационных решений.
Коллектив школы активно внедряет цифровые технологии и продолжает реализацию проекта
«Интеграция ИИ в учебный процесс».