01
желтоқсан
2025
«Адал Азамат – Еңбегі адал – жас өрен»
*8 «Г» сынып оқушыларының Балмұздақ музейіне экскурсиясы*
2025 жылғы 30 қазанда 8 «Г» сынып оқушылары Балмұздақ музейіне экскурсияға барды. Іс-шара «Адал Азамат – Еңбегі адал – жас өрен» тәрбиелік бағдарламасы аясында ұйымдастырылды.
Экскурсияның негізгі мақсаты – оқушылардың еңбекке деген құрметін қалыптастыру, заманауи мамандықтарға қызығушылығын арттыру, адалдық, жауапкершілік және еңбексүйгіштік сияқты құндылықтарды насихаттау. Сонымен қатар күзгі демалыс кезінде оқушылардың бос уақытын тиімді әрі мазмұнды ұйымдастыру көзделді.
Экскурсия барысында оқушылар балмұздақтың шығу тарихымен, оны өндіру технологиясымен танысты. Азық-түлік өнеркәсібінде еңбек ететін мамандардың – технологтардың, операторлардың, дизайнерлердің, логистер мен маркетологтардың жұмысы туралы мағлұмат алды. Бұл өз кезегінде оқушылардың түрлі қызмет салалары мен өндірістерге деген қызығушылығын арттырды.
Аталған іс-шара оқушылардың таным көкжиегін кеңейтіп, болашақ мамандықты таңдауда ой салды.
*Сынып жетекшісі:* Рузанова Эльмира Серикбаевна