Дала жұлдызы- Ыбырай» атты қазақ балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсариннің туылғанына 180 жыл » КГУ «Общеобразовательная школа №96» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№96 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлім:
+7(727) 374-03-90
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-03-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Дала жұлдызы- Ыбырай» атты қазақ балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсариннің туылғанына 180 жыл
11
ақпан
2022

Дала жұлдызы- Ыбырай» атты қазақ балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсариннің туылғанына 180 жыл

Дала жұлдызы- Ыбырай» атты қазақ балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсариннің туылғанына 180 жыл


Мақсаты: Ыбырай Алтынсариннің балалық шағынан бастап блиц сұрақтар қою арқылы балалардың шапшаң ойлау қабілетін дамыту, білімін жетілдіру, ізденіске талпындыру. Сонымен қатар Ұлы тарихи тұлғаны құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.


Жауапты мұғалімдер: Абдикаримова Н.С., Сабырбек А.С.

Бүкіл ғұмырын қазақ балаларын оқытуға, мектеп ашуға сарп еткен Ыбырай Алтынсариннің туылғанына биыл 180 жыл. Осы мерейтой аясында «Ыбырай атамыздың балалық шағына саяхат» атты 6-7 сыныптар арасында блиц-турнир өткізілді. 

ZOOM платформасы арқылы өткізілген бұл іс-шараға 6-7 сынып оқушылары қатысты. Блиц-турнир аясында қойылған Ыбырай Алтынсариннің балалық шағына шолу арқылы блиц сұрақтарға өздерінің шапшаңдықтары мен білімдерінің арқасында жауап беріп, өз алғырлықтарын көрсете білді. 

Блиц-турнир жылдамдық пен шапшаңдықты талап ететіндіктен, алғашқы сұраққа 7 «в» сынып оқушысы жауап берді. Алайда Кольке Маргарита алғашқы сұрақтарда белсенді болғанымен,  6 «е» сынып оқушылары Турсунбаева Алина мен Исматулла Әмира алдын орап белсенділік танытты. Кейбір оқушылар техникалық ақауларға байланысты берген жауаптары кеш жетіп, жауаптары кейін қабылданып жатты.

 Соған қарамастан 7 «в», 6 «е» сыныптары өз белсенділіктерін танытып,  үздіктер анықталып жүлделі орындар берілді.

































































  Сайысқа қойылатын талап: оқушы өзі қалаған Ыбырай Алтынсариннің кем дегенде үш шумақ өлеңін жаттап, зум платформасы арқылы көрермендерге және әділ қазыларға мәнерлеп жатқа оқып беру.

Әділ қазылар: Сейлханова А, Енсебаева С, Қыдырақын Ф. Сайысты ұйымдастырушылардың бірі Жалилова Перизат ең бірінші Ыбырай Алтынсарин кім және оның қандай еңбектері барына тоқталып зум платформасына жиналған оқушыларға түсіндіріп кетті. Ыбырай Алтынсарин жайлы ақпарат алған оқушылар сонымен қатар өздері білетін деректермен де бөлісті. Сайысты бастамас бұрын әділ қазылар алқасы тарапынан Сейлханова Айнұр Бақытбекқыы сөз сөйлеп, оқушыларға  сәттілік тіледі. Сайысты ең бірінші болып 5 ә-сынып оқушысы Берік Сымбат Ыбырайдың «Жаз» өлеңімен бастады. Келесі болып 5а – сынып оқушысы Полат Аяла өз өнерін көрсетті. Іс-шараға 5-сыныптардан барлығы 30-дан аса оқушы қатысса, оның ішінде 17 оқушы сайысқа белсене қатысып, өз өнерлерін көрсетті. Барлық оқушы өлеңдерін оқып болған соң, әділ қазылар ақылдаса келе келесі орындарды белгілеп, оқушыларды марапаттады. Жүлделі орынға ие болған оқушылар:

 3-орын иегерлері: 5ә-сынып оқушысы – Арапат Аруай және Аметова Мадина.

 2-орын иегері: 5а-сынып оқушысы – Дюсенғали Дархан және Думанқызы Жұлдыз.

 1-орын иегері: 5ә – сынып оқушысы Ақынбек Батырхан және 5а-сынып оқушысы Тұрсынбай Айша. 

 Ал, Гран-при жеңімпазы – 5а-сынып оқушысы Полат Аяла атанды.

Шара соңында Сейлханова Айнұр Бақытбекқызы сөз алып , оқушылардың белсенділігіне өз алғысын білдіріп, алдағы уақыттарда да оқушыларды бұдан да биік белестерден көретіндігіне сенім білдірді.  





























Бүкіл ғұмырын қазақ балаларын оқытуға, мектеп ашуға сарп еткен Ыбырай Алтынсариннің туылғанына биыл 180 жыл. Осы мерейтой аясында «Ыбырай атамыздың балалық шағына саяхат» атты 6-7 сыныптар арасында блиц-турнир өткізілді. Жауапты мұғалімдер: Абдикаримова Н.С., Сабырбек А.С.

ZOOM платформасы арқылы өткізілген бұл іс-шараға 6-7 сынып оқушылары қатысты. Блиц-турнир аясында қойылған Ыбырай Алтынсариннің балалық шағына шолу арқылы блиц сұрақтарға өздерінің шапшаңдықтары мен білімдерінің арқасында жауап беріп, өз алғырлықтарын көрсете білді. 

Блиц-турнир жылдамдық пен шапшаңдықты талап ететіндіктен, алғашқы сұраққа 7 «в» сынып оқушысы жауап берді. Алайда Кольке Маргарита алғашқы сұрақтарда белсенді болғанымен,  6 «е» сынып оқушылары Турсунбаева Алина мен Исматулла Әмира алдын орап, белсенділік танытты. Кейбір оқушылар техникалық ақауларға байланысты берген жауаптары кеш жетіп, жауаптары кейін қабылданып жатты.

 Соған қарамастан 7 «в», 6 «е» сыныптары өз белсенділіктерін танытып,  үздіктер анықталып жүлделі орындар берілді.















Іс-шараның түрі: «Ыбырай – аудармашы» тақырыбындағы пікірталас

Мақсаты: Ыбырай Алтынсариннің аудармашылық қырын оқушыларға таныту мақсатында пікірталас ұйымдастырып,   ойлау қабілетін дамыту, білімін жетілдіру, ізденіске талпындыру. Ыбырай Алтынсариннің тек жазушы емес аудармашы екенін ұғындырып, оның тәрбиелік мәні бар аудармаларын оқушыларға таныстыру.   Сонымен қатар Ұлы тарихи тұлғаны құрмет тұтуға, үлгі алуға тәрбиелеу.


Жауапты мұғалімдер: Қыдырақын Ф.Т., Ахай С. О.


Бүкіл ғұмырын қазақ балаларын оқытуға, мектеп ашуға сарп еткен Ыбырай Алтынсариннің туылғанына биыл 180 жыл толып отыр . Осы мерейтой аясында «Ыбырай - аудармашы» атты 7 сыныптар арасында онлайн пікірталас өткізілді.

ZOOM платформасы арқылы өткізілген бұл іс-шараға 7 сынып оқушылары қатысты. Пікірталас барысында Ыбырай Алтынсариннің аудармашылық қыры жайында оқушылар өз ойларын айтып, пікірталас барысында өз алғырлықтарын көрсете білді.  













8,9,10 сыныптар арасында «Ыбырай   –  әңгіме шебері» атты пікірталас өткізілді. Өткізген мұғалімдер: Каденова Мақпал, Меңліхожаева Айжан.

Мақсаттары:

1. Балалар әдебиетінің атасы-Ы.Алтынсарин шығармаларының түйінін ұғындыру, сол арқылы балалардың бойында адамгершілік қасиетін дамыту;

2. Ыбырайдың әңгімелерінің астарындағы түйіннің тәрбиелік мәнін ұғындыру;

Әдіс-тәсілдері: шығармаларын өздері оқи отыра талдау, түсіндіру, салыстыру, топтастыру, ізденушілік, сыни тұрғыдан ойлау технологиясы, ақпараттық технология

Пікірталас түрі: аралас, зерттеушілік, практикалық сабақ Көрнекіліктер: интерактивті тақта, слайд, түрлі аудио, видио жазылымдар 

Пікірталас  типі: жаңа материалды алдын-ала беру арқылы меңгерту 

І. Ұйымдастыру кезеңі: 

Оқушыларды түгендеу, топтастыру  .

І -топ :Нақты деректерді топтастыру: (Рет-ретімен тұрған сандар арқылы Ыбырайдың өмірбаяны мен шығармашылығын айтып танысу) слайдтан 1841 – Ыбырайдың туған жылы. Қостанай обл. Затобол ауданында туды. 1850 – Орынборда ашылған қазақ-орыс мектебіне түседі. 1857- Мектепті үздік бітіріп шыққан жылы 1859- Орынбордағы шекаралық комиссияға тілмаш болып орналасқан жылы. 1860 – Орал сыртындағы қазақтарға арналып 4 сыныптық бастауыш мектеп ашу туралы шыққанда (Тройцк, Торғай, Ырғыз, Қазалы) өзі сұранып,Торғай мектебіне мұғалім болады. Торғай қаласында бірден мектеп ашу мүмкін болмай, іс көпке созылады, жиналған балаларды өз үйінде оқытқан жылы. 1864 – Мектептің қаңтар айында ашылған жылы 14 – Сол мектепке қабылданған бала саны. 1876 – Петербург, Қазан қалаларына барған жылы 1876 – Н.Н.Ильминскийге жазған хатында «Татар тілінде жазылған кітаптардан құтылу үшін, қазақ тілінде оқуға арналған бастауыш кітабымды кеше ғана бастадым,» – деп жазған жылы 1876 – «Қазақ хрестоматиясын» жазуға кіріскен жылы 1879 – Орынборда хрестоматияның басылған жылы 1889 – қайтыс болған жылы.

ІІ -топ «Өнер-білім бар жұрттар...» (Ы.Алтынсариннің өлеңдері) (Алдарына берілген хрестоматиядағы Ыбырай өлеңдері туралы әңгімелеп,жатқа оқып, өздері түсіндіріп, талдау жасайды, түйінін шығарады )

Ыбырай лирикасы: табиғат бейнесін суреттеген «Өзен», «Жаз» өлеңдері,жастарды ізгілікке, қайырымдылыққа,ата-ананы,досты сыйлауға шақыратын «Бұл кім?», «Әй,достарым!», «Әй,жігіттер!», «Ананың сүюі» өлеңдері бар. Әлеуметтік теңсіздік:«Залым төреге», «Азған елдің хандары», «Азған елдің билері».

ІІІ топ «Қазақ хрестоматиясы» оқулығы

Ы. Алтынсарин – балалар әдебиетінің атасы. Бүкіл өмірін қазақ балаларын оқытуға арнаған. Сол мақсатпен алғаш рет балаларға арнап мектеп ашып, оқулық жазған. Ағартушы оқулықты жазудағы мақсатын хрестоматияның алғы сөзінде: «Бұл кітапты құрастырғанда мен, біріншіден, осы біздің ана тілімізде тұңғыш рет шыққалы отырған жалғыз кітаптың орыс-қазақ мектептерінде тәрбиеленіп жүрген қазақ балаларына оқу кітабы бола алу жағын, сонымен қабат, жалпы халықтың оқуына жарайтын кітап бола алу жағын көздедім…» деп тұжырымдаған. Өйткені хрестоматияға Ыбырай өзінің педагогтық мақсатына лайықтай жазған тәрбиелік мәні жоғары көптеген шағын әңгімелерін, өлеңдері мен ауыз әдебиеті үлгілерін, сондай – ақ, орыс педагогтері мен айтулы орыс қаламгерлерінен аударған шығармаларды енгізген болатын. Бұл шығармалардың тақырыптық – идеялық мазмұнынан біз Ыбырайды ұстаз-тәрбиеші ретінде алдына мақсат етіп қойған адамгершілік мәселелерін көреміз.Ыбырай «Қазақ хрестоматиясына» Қара батыр, Байұлы, Жиренше шешен, Тазша бала туралы ертегі,Бай баласы мен жарлы баласы, Таза бұлақ, Әке мен бала т.б. тәлімдік мәні зор әңгімелерін енгізді.Қазақ хрестоматиясына енген Ыбырайдың көркем шығармалары өзінің ағартушылық идеясына бағындырылған. Ол әдебиетті бала санасына әсер ететін, сөйтіп, оны жақсы, өнегелі істерге үйрететін мықтаы құрал деп атап көрсетті.

Мұғалім сөзі:

Ыбырай шығармалары қысқа мазмұнды, балалардың түсінуіне жеңіл. Аз сөзге көп мағына сыйғызу, мақал-мәтел мен афоризмдерді орынды қолдану, әр әңгіменің тағылымдық мәніне ерекше көңіл аудару Ыбырай шығармаларының өзіндік ерекшеліктері. Шығармалары мазмұны жағынан да, түрі жағынан да балалар әдебиетіне қойылатын талаптарға сай келеді. Сондықтан да Ыбырай Алтынсаринді балалар әдебиетінің негізін салушы дейміз.Бүгінгі  пікірталастың  нысанасы әңгімедегі тәрбие мәселесі. Тәрбие мәселесі бүгінгі өмірде де өз маңызын жойған жоқ, тіпті күн тәртібіндегі өзекті мәселе екенін де білеміз. Ана мейіріне қанып, әке өсиетін тыңдап өскен бала ғана түбінде жылы жүректі азамат болары сөзсіз,олай болса, Ыбырай әңгімелерінде жасынан отбасы тәрбиесін көрген бала үлкен азамат болғанда, өз мәнінде өмір сүруге бейім болады деген нақты тұжырымдар беріледі.

















Бір аяғы ақсақ құмырсқа тамның төбесіне қарай өрмелеп барады,орта шеніне барғанда құлап түседі,үшінші рет бар күшін салып қисая-мисая барып тамның төбесіне шығады.

Бай баласы мен жарлы баласы. Әже, осы қиқымның ешнәрсеге керегі бола қалмас;

Бақша ағаштары. Мен балаға ақша беріп сатып алып, құсты ұшырып қоя бердім. Менің бұл ісім сауап емес пе?

ІІІ-топ

  1. «Аз жұмысты қиынсынсаң, көп жұмысқа тап боларсың............» (азды қанағат етпесең, көптен құр қаласың) «Әке мен бала»
  2. «Күн түссе, күннің, шөп түссе шөптің......» (сәулесі түседі, көңілің де сол сияқты сыртқа ашық көрініп тұрсын) «Таза бұлақ»
  3. «Бағып-қағуда.....»(көп мағына бар) «Бақша ағаштары»
  4. «Не нәрсенің сыртына қызықпа....» (асылы ішінде болар,) «Алтын шеттеуік»
  5. Тар жерде жолдасын тастап қашатын.... (достармен жолдас болма) «Жаман жолдас»
  6. «Еңбекпен табылған....» (нан тәтті) 

І-топ « Аз жұмысты қиынсынсаң,көп жұмысқа тап боларсың» «Әке мен бала». «Талаптың пайдасы» әңгімелерін өздері түсіндіріп, талдау жасайды, түйінін шығарады

ІІтоп « Сабыр түбі сары алтын» «Асыл шөп», «Алтын шеттеуік» әңгімелерін өздері түсіндіріп, талдау жасайды, түйінін шығарады

ІІІтоп « Бай баласы мен жарлы баласы» , «Дүние қалай етсең табылады» әңгімелерін өздері түсіндіріп, талдау жасайды, түйінін шығарады

1) Оқушылардың жұмысын талдау.

- Сонымен бұл әңгімелерде ортақ желі бар ма?

2) Оқушылар пікірін тыңдау.

3)Қорытынды түйін: Әке мен ана –баланы өмірге әкелетін, асырап сақтайтын қамқоршысы, баланы жақсы мінез-құлыққа тәрбиелейтін бас ұстазы екен.

«Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген қорытындыға келу.

ІY .Пікірталасты бекіту.Интерактивті тақтамен жұмыс . Қорытындылау мақсатында «Ойлан ,тап !...» ойынын өткізу.

Қай шығармадан алынған? Экранга суреттер қойылады слайд түрінде әңгімеден үзінділер

Қорытынды бөлім : Әңгімелерді талқылап , талдап аяқтау пікір бөлісу

«Дала жұлдызы -Ыбырай» атты қазақ балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсариннің туылғанына 180 жыл  толу мерейтойына арналып өткізілген  іс-шараларды 8-9 сыныптар арасында өткізілген «Ы.Алтынсарин ашқан тұңғыш мектептер» атты шарамен қорытындыланды. Қашықтан зум платформасы арқылы өткізілген бұл шараның жауапты мұғалімдері: Сейлханова А.Б., Амрекулова Ш.Ш..




    Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері жоспар бойынша «Дала жұлдызы – Ыбырай» атты қазақ балалар әдебиетінің атасы Ыбырай Алтынсариннің туғанына 180 жыл толу мерейтойына орай өздеріне жүктелген іс-шараларды толықтай өткізіп, Ыбырай Алтынсариннің шығармашылығын талдап, оны болашақ өмірмен ұштастырып, балаларға арналған дүниелерді түрлі ақпараттық технологиялар арқылы берді. Пән мұғалімдері  балалар әдебиетінің атасы Ы.Алтынсарин шығармаларының түйінін ұғындырып, сол арқылы балалардың бойында адамгершілік қасиетін дамытуға тырысты.  Ыбырайдың әңгімелерінің астарындағы түйіннің тәрбиелік мәнін ұғындырды. Оқушылар мерекелік іс-шараларға белсене қатысып, өздерінің өнерлерімен, білімдерімен бөлісті.Осындай ізгі іс-шараларымыз көп болғай!

     Қазақстан Республикасы  Тәуелсіздігінің 30 жылдық мерейтойына орай 

1 желтоқсан Тұңғыш Президент күні қарсаңында қарашаның 30-ы күні өткізілген  «Елбасы-ел тірегі» тақырыбында Алмалы аудандық эссе байқауынан 8 сынып оқушысы Есенгелді Нұрай 2-орынға ие болды, Жетекшісі: Жалилова Перизат Саматовна. Ал 9-сынып оқушысы Колдина Виктория бас жүлдені жеңіп алды. Жетекшісі: Сейлханова А.Б.