21 желтоқсан күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕЛІМНІҢ ЖҮРЕГІ» атты қалалық тарихи-танымдық мерекелік іс-шара өтті » КГУ «Общеобразовательная школа №96» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№96 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлім:
+7(727) 374-03-90
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-03-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 21 желтоқсан күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕЛІМНІҢ ЖҮРЕГІ» атты қалалық тарихи-танымдық мерекелік іс-шара өтті
21
желтоқсан
2023

21 желтоқсан күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕЛІМНІҢ ЖҮРЕГІ» атты қалалық тарихи-танымдық мерекелік іс-шара өтті

21 желтоқсан күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕЛІМНІҢ ЖҮРЕГІ»  атты қалалық тарихи-танымдық мерекелік іс-шара мектеп директоры Жумагалиева Райгул Халиковна, директордың оқу ісі жөніндегі орынбасарлары Борашева Зульфия Куттыбаевна, Цой Раиса Вадимовна, директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары Сламкулова Гүлжан Темірбековна, Чимирбаева Сагымкуль Кемаловна және де директордың ғылыми-әдістемелік ісі жөніндегі орынбасары Сейлханова Айнур Бакытбековнаның ұйымдастыруымен  өтті. 

     Іс-шараның мақсаты –  Қазақстан халықтарының патриоттық сезімін, өз Отанына деген сүйіспеншілігін, тарихи өткеніне, бүгініне және жарқын болашағына мақтаныш сезімін тәрбиелеу, Қазақстан тарихы бойынша білімдерін бекіту,  оқушылардың сөйлеу тілін дамыту, еліміздің тарихы бойынша оқушылардың білімдерін кеңейту және жүйелеу. 

Аталмыш шараға   «Өрлеу» БАҰО АҚФ Республикалық кәсіби даму институтының аға оқытушылары Жартынова Жанар Алибековна, Есентаева Айжан Идрисовна, қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы қызметкері Ақмағамбетова Роза Ғазизжанқызы, Алматы қаласы, Алмалы аудандық Білім бөлімінің басшысы Койшыбаева Зоя Кашкинбаевна, Алматы қаласы, Алмалы аудандық Білім бөлімінің бас әдіскері Нұрбаева Асем Жандарбековна, «Көкжиек–Горизонт» баспасының әдіскері Оспанова Нелли Васильевна, Алматы телеканалы, мектеп директорлары және мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Іс-шараға ауданымыздың №144 мектеп-гимназиясы, №15 гимназия, №34 мектеп-гимназия, №58 ЖББМ, №67 ЖББМ, №75 ЖББМ, №167 ЖББМ, №96 ЖББМ оқушылары қатысып, бес түрлі кезең бойынша сайыс өтті.    

«Біртұтас тәрбие» бағдарламасы аясында «ТӘУЕЛСІЗДІК – ЕЛІМНІҢ ЖҮРЕГІ»  атты қалалық тарихи-танымдық   байқау төмендегі кезеңдер бойынша ұйымдастырылады:

1. Топтардың сәлемдесуі, топ ұраны

2. «Бәйге» сайысы. Тәуелсіздік туралы сұрақтар. Әр командаға 3 сұрақтан берілді.

3. «Ән саламын саған, Қазақстаным» байқауы. Үйге берілген тапсырма бойынша патриоттық ән орындады.

4. «Кім көп біледі?» капитандар сайысы. Отан, патриоттық, достық туралы мақал-мәтелдерге жауап берді.

5. «Маска, мен сені білемін!» байқауы, 2023-2024 жылдардағы айтулы даталар өкілдерінің өмірбаянынан үзінді айтып, жасырылған тұлғаны анықтады.

Қорытынды кезеңде сайыстың қорытындысы жарияланып, марапатталды.

Іс-шараны қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Сейдашим Қамбар Ғазизұлы мен Ахай Салтанат Оразәліқызы жүргізді. Жүргізушілер сайыстың өту кезеңдерімен, келген қонақтармен және әділ-қазы алқаларымен таныстырып өтті:

1. Камакова Ләйлә Бақдәулетқызы - ақын, журналист, Әлем халықтары Жазушылар одағының, Түркі әлемі Жазушылар одағының, Қазақстан Авторлары Қоғамының мүшесі, "ҚазАҚ лауреаты" медалінің иегері. "Қос қарлығаш" кітабының авторы;

2. Ермек Албан – Алаш арландары қозғалысының төрағасы, қазақтың бас биі;

3.Айжан Шайқықызы – Бауыржан Момышұлы атындағы рухани сауықтыру орталығының жетекшісі, Түркі Әлемі жазушылар одағының Алматы қаласы және облысы бойынша төрайымы, ақын, жазушы, "Тұран тұлпары"және " Еңбек ері" медальдарының иегері;

4. Мұратхан Шернияз – тарихшы, Қазақ билер алқасының идеология бөлімінің басшысы;

5. Оспанова Нелли Васильевна – «Көкжиек–Горизонт» баспасының әдіскері.

Аталмыш тарихи танымдық байқаудың сайыс кезеңін №96 жалпы білім беретін мектептің тарих пәні мұғалімдері Закарьянова Шинар Канатовна мен Жармагамбетова Айгуль Еркиновна жүргізді. Сайысқа қатысқан сегіз мектеп оқушылары әр кезең бойынша өздерінің білімдерін ортаға салды.

«Жүйрікті жүйрік озар жарысқанда» дегендей, әр мектептен келген оқушылардың білімі, өнері бір-бірінен асып түсті. Сайыстың соңында әділ-қазылар алқасы өздерінің әділ бағаларын беріп, оқушыларды марапаттады. Бас бәйгені №144 мектеп-гимназия оқушылары жеңіп алды. Ал, 1-орынды №96 ЖББМ оқушылары мен №167 ЖББМ оқушылары иеленді, 2-орынды №58 ЖББМ, №67 ЖББМ оқушылары алды, 3-орынды №75 ЖББМ, №15 гимназия мен №34 мектеп-гимназия оқушылары иеленді. Сайысқа қатысқан барлық оқушыларға арнайы диплом табысталып, «Көкжиек–Горизонт» баспасы өздерінің шығарған кітаптарын тарту етті.

Келген қонақтар ұжымға өздерінің жылы лебізін білдіріп, Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырылған іс-шараның өте жоғары деңгейде өткенін атап өтіп, шығармашылық табыстар тіледі. Сондай-ақ, көркем еңбек пәні мұғалімдері Парфирьева Татьяна Сергеевна, Медетбекқызы Балнұр, Калтаев Нұрғазы Куанышбаевич, Сагимбаев Газиз Сейтканович және бастауыш сынып мұғалімдері Сламкулова Бакыткуль Жумабековна, Кәдрәлі Жібек, Байдилдаева Гулнур Маратовнаның ұйымдастыруымен Тәуелсіздік күніне арналған көрмеге де жоғары баға берді.

Мектеп оқушылары қанжығаларына байлаған марапаттарына дән риза болып, №96 ЖББМ ұжымының Тәуелсіздік күніне орай ұйымдастырған мерекелік концертін тамашалады.  Хореография маманы Аубакирова Гульмира Меркурьевна мен музыка пәні мұғалімі Мылтыкбаева Жанат Меирхановнаның жетекшілігімен «Бала Фест» байқауының гран-при иегері Кадырбаева Рания «Цвети земля моя» әнін,  Республикалық Жас Дарын дарынды балалар орталығы ұйымдастырған «Ұлы дала Ұландары» байқауының жеңімпаздары, мектебіміздің «Солнышко» би ансамблі «Калинка» биі мен «Мереке» биін орындады. Сондай-ақ, Өнер мектебінің оқушылары да өз өнерлерін көрсетті. Іс-шара соңында мектеп мұғалімдері мен оқушылары қазақтың гимніне айналған «Атамекен» әнін хормен орындап, қонақтардың қошеметіне ие болды. Кеш соңы естелік суретке түсумен аяқталды.




Похожие публикации: