№96 ЖББМ КММ-де 2023 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясы өткізілді. » КГУ «Общеобразовательная школа №96» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№96 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлім:
+7(727) 374-03-90
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-03-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » №96 ЖББМ КММ-де 2023 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясы өткізілді.
01
қыркүйек
2023

№96 ЖББМ КММ-де 2023 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясы өткізілді.

№96 ЖББМ КММ-де 2023 жылдың 1 тамызы мен 30 қыркүйегі аралығында «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясы өткізілді.

Акцияның мақсаты – 2023-2024 оқу жылының басталуына дайындық бойынша аз қамтылған және көп балалы отбасылардан шыққан оқушыларға қолдау көрсету және балалардың әлеуметтік себептермен мектепке бармауының алдын алу.

Балаларға көмек көрсетуге арналған қайырымдылық шаралары әртүрлі өмірлік жағдайларға байланысты мұқтаж балаларға қолдау көрсетудің тамаша мүмкіндігі болып табылады.

№96 ЖББМ КММ-де барлығы 1879 оқушы оқиды, оның ішінде 60 оқушы ХӘОТ (халықтың әлеуметтік осал топтары СУСН) санатынан.

 «Мектепке жол» жалпыреспубликалық акциясы аясында 2023 жылдың тамыз айынан бастап  осы күнге дейін мектебіміздің ХӘОТ (СУСН) санатындағы 59 оқушысына «Жалпылай оқыту» қорының қаражатынан материалдық көмек және әр оқушыға мектеп формасы мен кеңсе тауарларын сатып алуға 43 000 теңгеден берілді. Мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алуға құқығы бар отбасылардан, сондай-ақ жан басына шаққандағы орташа табысы ең төменгі күнкөріс деңгейінен төмен мемлекеттік атаулы әлеуметтік көмек алмайтын отбасылардан шыққан барлығы 59   балаға және жетім балаларға, шұғыл көмекке мұқтаж отбасылардың балаларына материалдық көмек көрсетілді.

Алматы қаласы Алмалы ауданы әкімдігінің демеушілерінің қолдауымен 1-сыныпқа баратын көп балалы және аз қамтылған отбасылардан шыққан оқушыға кеңсе тауарлары салынған рюкзактар табысталды. Рюкзактарды тарату N 55 орта мектепте Алмалы ауданы әкімдігінің өкілдерінің қатысуымен салтанатты жағдайда өтті.

 

Мектебімізде 2-11 сыныптар аралығында барлығы 23 оқушы көп балалы және аз қамтылған отбасы балаларына мектеп формасы түрінде көмек көрсетілді. Мектеп формасына «ANGELCHER»   жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің демеушілерінің қолдауымен 40000 тенгелік сертификатын алды.


«Мектепке жол» акциясы аясындағы комиссия құрамында директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Сламкулова Гүлжан Темірбековна, Чимирбаева Сағымкүл Кемаловна және әлеуметтік педагог Куланова Ұлбосын Айтжановна базарларға, аз қамтылған отбасылардың үйлеріне,  үйлердің жертөлелері мен көлік жуу және жанар-жағармай құю бекеттерінде рейдтік іс-шаралар жүргізді. Рейд барысында заң бұзушылықтар анықталған жоқ.

Аз қамтылған, көп балалы және қамқорлықтағы балалар оқулықтармен 100 пайыз қамтамасыз етілді.

«Мектепке жол» жалпыреспубликалық акцияның негізгі бағыты біліммен қамтылмаған балаларды анықтау, мектепке бармауының алдын алу, аз қамтылған отбасылар мен баланы мектепке жеткізуге көмектесетін балаларға шаралар мен шешімдер қарастыру. Сонымен бірге, акцияның негізгі міндеті – барлық балалардың міндетті орта білім алу құқығын қамтамасыз ету, халықтың әлеуметтік осал топтарындағы барлық мұқтаж оқушыларға көмек көрсету.