13 қыркүйек күні "ҮШ ТІЛ БІЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ" атты тілдер мерекесіне орай, онкүндік іс-шарасының ашылу салтанатты кеші тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткізілді. » КГУ «Общеобразовательная школа №96» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№96 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлім:
+7(727) 374-03-92
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-03-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 13 қыркүйек күні "ҮШ ТІЛ БІЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ" атты тілдер мерекесіне орай, онкүндік іс-шарасының ашылу салтанатты кеші тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткізілді.
13
қыркүйек
2023

13 қыркүйек күні "ҮШ ТІЛ БІЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ" атты тілдер мерекесіне орай, онкүндік іс-шарасының ашылу салтанатты кеші тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткізілді.

13 қыркүйек күні "ҮШ ТІЛ БІЛУ – ЗАМАН ТАЛАБЫ" атты тілдер мерекесіне орай, онкүндік іс-шарасының ашылу салтанатты кеші тарих пәні мұғалімдерінің ұйымдастыруымен өткізілді. Оқушыларға мемлекеттік тілдің өркендеп, оянуына, мемлекеттік тілімізді сүюге, мемлекеттік тілді аяққа баспай, мәртебесін биік ұстау жөнінде, әр ұлттың өзіндік ерекшеліктері, салт - дәстүрі, діні, тіл ерекшелігі болатынын түсіндіру мақсатында өткізілді.

          22 қыркүйек күні қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің әдістеме бірлестік жетекшісі Сейлханова Айнұр Бақытбекқызы және пән мұғалімдерінің ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы халықтарының тілдері мерекесі күніне орай «Қазақтың тілі киелі, киелі тіл жүрген жерде күйе жұқпайды» атты тақырыпта іс-шара өткізілді. Іс-шараға Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, «Парасат» орденінің және «Тіл жанашыры» құрмет белгісінің иегері Осман Асылы Әлиқызы шақырылып, кездесу өткізілді. Мектеп директоры Жумагалиева Райгул Халиковна Асылы ханымға ізгі тілегін айтып, жылы лебізін білдірді. Мектеп оқушылары әр ұлттың биін билеп, ән шырқап, қазақтың киелі домбырасымен жырын төкті. Оқушылар қазақтың ұлы ақындары Мағжан Жұмабаев пен Мұқағали Мақатаевтың өлеңдерін нақышына келтіріп оқып, Асылы ханымның қошеметіне ие болды. 5-сынып оқушылары оқулықтарындағы «Тіл- бірлік құралы» атты тақырыпты ашып, Асылы ханымға көрсетіп, өткен сабақтарындағы Асылы ханым туралы жазылған мәтінді, суретін көрсетіп, мәре-сәре болды. Кездесудің соңында мектеп оқушылары Асылы ханымға көкейлерінде жүрген сұрақтарын қойды. Асылы Әлиқызы оқушылардың сұрақтарына тереңінен жауап беріп, мектеп ұжымына, оқушыларға жылы лебізін білдірді.

Тілдер мерекесіне орай "Мағжан-алаш арысы"тақырыбында сыныптан тыс сабақ өткізілді.Сабақтың мақсаты алаш арысының өмірі мен шығармашылығы туралы түсініктерін кеңейту, шығармашылыққа, мәнерлеп оқуға баулу,өз елінің патриоты болуға,жігерлі болуға,ана тілін құрметтеуге,туған жерінің қорғаны болуға тәрбиелеу.Бұл Мағжан Бекенұлының 130-ж толуына арналды.Біз жастарға сенеміз деген ақынның рухты сөздері жас буынға ұран болып тұратыны сөзсіз.Өткізген пән мұғалімдері Жумабаева У.Т., Каденова М.К.,Джуваншиева В.

"Оқуға құштар мектеп"жобасы аясында мектеп кітапханасында Мағжан Жұмабаевтың 130 жылдығына арналған "Мағжан-жүрек сөзінің жыршысы" тақырыбында Қазақ тілі пәнінің мұғалімі А. Сабырбек және ағылшын тілі пәнінің мұғалімі Н.Бектебаевамен бірлесіп мәнерлеп оқу байқауы өткізілді. Байқауға 5-6 сынып оқушылары қатысты. Байқауға қатысушылар ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқыды. Жүлделі орындарға ие болған балалар грамоталармен және сыйлықтармен марапатталды, іс-шара жоғары деңгейде өтті.