Мектепте «Мың алғыс,ұстазым» атты мерекелік құттықтау өткізілді. » КГУ «Общеобразовательная школа №96» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№96 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлім:
+7(727) 374-03-90
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-03-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектепте «Мың алғыс,ұстазым» атты мерекелік құттықтау өткізілді.
04
қазан
2021

Мектепте «Мың алғыс,ұстазым» атты мерекелік құттықтау өткізілді.

Қазан айының алғашқы жексенбісі мұғалімдер мерекесіне орай № 96 ЖББ мектепте «Мың алғыс,ұстазым» атты мерекелік құттықтау өткізілді. Мектеп директоры Жумагалиева Р.Х.:

«Міне, жадырап жаз өтіп, алтын күз де келіп жетті. Табиғаттың осы бір жыл мезгілін әркім-ақ сыңғырлаған жез қоңырау үнімен, мектептегі мұғалімдер мен оқушылардың қарбалас, сағыныса табысқан қуанышты сәттерімен елестетеді. Жаңа оқу жылымен қатарлас келетін Мұғалімдер күні де күздің үлесіне тиіпті. Мектеп қабырғасынан әлдеқашан алыстап кетсе де, бойында жылуы бар әрбір парасатты азамат әліппе үйретіп, білім теңізіне жетелеген ұстаздары мен балалық шағының талай қызықты күндеріне куә болған алтын ұя – мектебін әрдайым үлкен сағынышпен, құрметпен еске алып отырады. Олай болса, мұғалім бақыты – шәкірт құрметі.» деп мектеп мұғалімдерін мерекемен құттықтады.