Педагогический совет на тему: Об итогах внедрения кейс-технологий в практику преподавания в условиях дистанционного обучения29.03.2021г. » КГУ «Общеобразовательная школа №96» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№96 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлім:
+7(727) 374-03-90
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-03-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Педагогический совет на тему: Об итогах внедрения кейс-технологий в практику преподавания в условиях дистанционного обучения29.03.2021г.
03
сәуір
2021

Педагогический совет на тему: Об итогах внедрения кейс-технологий в практику преподавания в условиях дистанционного обучения29.03.2021г.

                                

    В КГУ ОШ№96 Алмалинского района г. Алматы состоялся педагогический совет с целью обмена опытом, обобщения и отчета за 3 четверть 2020-2021 учебного года. Педагогический совет был организован и проведен директором школы Жумагалиевой Райгул Халиковной дистанционно через платформу «ZOOM". 

    Тема педагогического совета: «Итоги практического применения кейсовых технологий при дистанционном образовании».

   А цель педагогического совета: "Обновление знаний учителей при использовании кейсовых технологий в учебно-воспитательном процессе при дистанционном образовании".

 Под руководством руководителя методического совета Закарьяновой Шинар Канатовны молодые специалисты, в частности, учитель начальных классов-Арыстанбекова Л. А.-учитель начальных классов, Кенжекей М.Д.-учитель информатики, учитель географии-Жаксылык А. Ж. рассказали об эффективности кейсовой технологии в дистанционном образовании, поделились методами и приемами обучения. 

  На следующем этапе педагогического совета зам.директора  по УР Борашева Зульфия Куттыбаевна показала мониторинг успеваемости учащихся 2-11 классов по каждому предмету за 3 четверть, сравнила и проанализировала качество знаний. Также были подведены итоги работы по подготовке к ЕНТ за 3 четверть. Представила отчет учителей-предметников по подготовке к ЕНТ, сравнила успеваемость учащихся по предмету.

    На следующем этапе педагогического совета социальный педагог-Нуртаева А. А. выступила с отчетом об организации бесплатного горячего питания учащихся из малообеспеченных, многодетных семей. По вопросу  общеобразовательного инклюзивного образования рассказала учитель-логопед-Курбанбекова У.Т., которая подвела итоги своей работы.

  Далее выступила заместитель директора по УР Борашева Зульфия Куттыбаевна, которая рассказала об организации учебного процесса в 4 четверти 2020-2021 учебного года.

  В завершении педагогического совета Зульфия Куттыбаевна озвучила выводы, решения совета, дала поручения руководителям методических объединений, классным руководителям 11 классов до следующего совещания, и отметила, что  необходимо продолжать систематическую работу. 

   В течение этого года учителя учились и практиковали дистанционное обучение, а также администрация  организовала и провела различные праздничные мероприятия, встречи с поэтами и писателями, педагогические советы, заседания методических объединений и др.мероприятия через платформу «ZOOM». 

   В этот трудный период «Мы вместе!»,«Мы дома!»- под таким девизом  мы поддерживаем друг друга. На нас, наставников подрастающего поколения, возложено большое ответственное дело-дистанционное обучение.

     Алматы қаласы Алмалы ауданына қарасты №96 ЖББМ КММ-де әдеттегідей 3-тоқсанды қорытып, есеп беру, тәжірибе алмасу мақсатында педагогикалық кеңес өтті. Педагогикалық кеңесті мектеп директоры Жумагалиева Райгул Халиковна қашықтан «ZOOM» платформасы арқылы ұйымдастырып, өткізді. 

    Педагогикалық кеңестің тақырыбы: «Қашықтан білім беру кезінде кейс технологиясын практика жүзінде қолданудың қорытындысы».

   Ал педагогикалық кеңестің мақсаты: «Қашықтан білім беру кезінде  оқу-тәрбие процесінде кейс технологиясын қолдануда  мұғалімдердің білімін жаңарту».

     Методикалық кеңестің жетекшісі Закарьянова Шынар Канатовнаның жетекшілігімен жас мамандар , атап айтқанда, бастауыш сынып мұғалімі-Арыстанбекова Л.А;   Кенжекей М.Д-информатика пәнінің мұғалімі, география пәнінің мұғалімі-Жақсылық А.Ж. кейс технологиясының   қашықтан білім беру кезіндегі тиімділігін айтып, білім берудегі әдіс-тәсілдерімен бөлісті. 

    Педагогикалық кеңестің келесі кезеңінде директордың  оқу-тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Борашева Зульфия Құттыбайқызы 3-тоқсан бойынша  2-11 сынып оқушыларының әр пәннен  оқу үлгерімінің диаграммасын көрсетіп, білім сапасын салыстырып, талдады. Сондай-ақ, 3-тоқсандағы ҰБТ-ға дайындық жұмыстарының қорытындысын да айтып өтті. Пән мұғалімдерінің ҰБТ-ға дайындық жұмыстарының есебімен таныстырып, оқушылардың пән бойынша үлгерімін салыстырды.

  Педагогикалық кеңестің келесі кезеңінде әлеуметтік педагог- Нұртаева А.А. жалпы білім беру бойынша  отбасы жағдайы төмен, көпбалалы отбасындағы  оқушыларға тегін ыстық тамақ беруді ұйымдастыру туралы есебімен бөлісті және де логопед – Құрбанбекова Ұ. инклюзивті білім берудің ерекшелігімен таныстырып, өзінің жұмысын қорытындылады.

     Келесі сөз кезегін директордың  оқу-тәрбие ісі жөніндегі меңгерушісі Борашева Зульфия Құттыбайқызы алып, оқу процесінде 4-тоқсанды қалай ұйымдастыру керектігін  айтып өтті.

    Педагогикалық кеңестің соңында Зульфия Құттыбайқызы кеңестің  түйінін, шешімін айтып, келесі кеңеске дейін әдістеме бірлестіктерінің жетекшілеріне, 11-сыныптың сынып жетекшілеріне тапсырмалар беріп, жұмысты жүйелі түрде әрі қарай жалғастыру керектігін айтты. 

       Мұғалімдер осы бір жыл көлемінде  қашықтан білім берумен қатар, әртүрлі мерекелік іс-шараларды, ақын-жазушылармен кездесуді, педагогикалық кеңестерді, әдістеме бірлестіктерінің отырыстарын, тағысын тағы  «ZOOM» платформасы арқылы ұйымдастырып, өткізуді де үйренді, машықтанды. 

      “Ел басына күн туса,ер етігімен су кешер” деген сөз бекерге айтылмаса керек. Осы қиын -қыстау кезеңінде “Біз біргеміз!”,”Біз үйдеміз!” деп бір-бірімізге бір ауыздан қолдау көрсетіп келеміз. Өзінің ісімен, өзінің сөзімен егемен еліміздің болашағын ойлайтын,тəуелсіздігін қорғайтын, білімді ұрпақтың тəлімгері біздерге, яғни ұстаздарға қашықтықтан оқыту атты үлкен жауапты іс жүктелді.Ұлт ұстазы ,өткен ғасырдағы қазақ руханиятының көшбасшысы Ахмет Байтұрсынұлы:”Мектептің жаны -мұғалім. Мұғалім қандай болса,мектебі сондай болмақшы, яғни мұғалім білімді болса,”ол мектептен балалар көбірек білім біліп шықпақшы. Солай болған соң, ең əдемі, мектепке керегі -білімді, педагогика, методикадан хабардар, оқыта білетін “мұғалім” депті. Арада бір ғасыр өтсе де, Алаш арысының бұл сөзі өз қадірін жоғалтқан жоқ. Отанымыздағы барша балаға қашықтықтан білім беріп, тəрбие тағылымын дарытып келе жатқан мыңдаған мұғалім қауымына қажырлы еңбектеріңіз жана берсін дегіміз келеді.