Алматы қаласы Білім басқармасының
«№96 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлім:
+7(727) 374-03-90
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-03-89
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
қараша
2025

Заң және Тәртіп/ Закон и порядок

Қоғамдық орындарда орын алуы мүмкін қауіп-қатерлердің алдын алу және болдырмау мақсатында 5–11-сынып оқушылары арасында түсіндірмелі-ақпараттық жұмыс ұйымдастырылды.
Іс-шараға Алмалы аудандық ПБ ҚҚБ ЮПБ полиция лейтенанты, мектеп инспекторы Сапар Ермахан Мырзахметұлы қатысып, жасөспірімдерге ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық туралы кодексінің 436-бабы бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді. Сонымен қатар пиротехникалық бұйымдарды елді мекендерде қолдану қағидалары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Кездесу кезінде тәрбие ісі жөніндегі орынбасарлар Сламкулова Г.Т. және Жарболова Ж.А. оқушыларға қоғамдық тәртіп пен оны сақтаудың маңыздылығын атап өтті.
Оқушылар тақырыпқа байланысты сұрақтар қойып, инспектормен пікір алмасып, өз ойларын ортаға салды.
Іс-шара оқушылардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыруға және құқықтық сауатын арттыруға бағытталды.