2023 жылдың 19 қыркүйегінде мектеп директоры Жумагалиева Райгул Халиковнаның басшылығымен «Заманауи әлемдегі 3D басып шығару» атты информатика пәні мұғалімдеріне арналған Республикалық семинар ұйымдастырылды. » КГУ «Общеобразовательная школа №96» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№96 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлім:
+7(727) 374-03-90
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-03-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 2023 жылдың 19 қыркүйегінде мектеп директоры Жумагалиева Райгул Халиковнаның басшылығымен «Заманауи әлемдегі 3D басып шығару» атты информатика пәні мұғалімдеріне арналған Республикалық семинар ұйымдастырылды.
19
қыркүйек
2023

2023 жылдың 19 қыркүйегінде мектеп директоры Жумагалиева Райгул Халиковнаның басшылығымен «Заманауи әлемдегі 3D басып шығару» атты информатика пәні мұғалімдеріне арналған Республикалық семинар ұйымдастырылды.

2023 жылдың 19 қыркүйегінде мектеп директоры Жумагалиева Райгул Халиковнаның басшылығымен «Заманауи әлемдегі 3D басып шығару» атты информатика пәні мұғалімдеріне арналған Республикалық семинар ұйымдастырылды. Семинардың мақсаты: Заманауи әлемдегі 3D басып шығаруды тәжірибеде қолдана отырып пайдалану және тарату. Семинарға Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, "Өрлеу" БАҰО АҚФ РКДИ Жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық пәндерді оқытудың мазмұны мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Жартынова Жанар Алибековна, Алмалы ауданы білім бөлімінің аға әдіскері Нурбаева Асем Джандарбековна және Республика мен Алматы қаласы мектептерінің информатика пәні мұғалімдері қатысты. Семинардың кіріспе бөлімінде №96 жалпы білім беретін мектептің директоры Жумагалиева Райгул Халиковна мектептің ұжымы, жетістіктері туралы сөз сөйлеп, келген қонақтарға жылы лебізін білдірді. Әрі қарай сөз кезегі "Өрлеу" БАҰО АҚФ РКДИ Жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық пәндерді оқытудың мазмұны мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Жартынова Жанар Алибековнаға берілді.

Семинардың келесі теориялық бөлімінде «Заманауи әлемдегі 3D басып шығару» тақырыбында мектебіміздің информатика пәні мұғалімі Абдувалиева Гулназия Кусаевна баяндама оқыды. Семинардың келесі практикалық бөлімінде №96 жалпы білім беретін мектептің информатика пәні мұғалімдері Бургенбаева Динара Естемесовна мен Кенжекей Мөлдір Дәулетқызы 9 сынып оқушыларымен «Информатика сабағындаа 3D басып шығару және қолдану» атты тақырыпта ашық сабақ жүргізді. Қонақтардың барлығы семинарға белсене қатысып, өз ойларымен бөлісті.

Семинардың соңында Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі, "Өрлеу" БАҰО АҚФ РКДИ Жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық пәндерді оқытудың мазмұны мен әдістемесі кафедрасының меңгерушісі Жартынова Жанар Алибековна мен №96 жалпы білім беретін мектеп директоры Жумагалиева Райгул Халиковна келген қонақтармен кері байланыс жасап, қорытындылады.