«Педагогтің функционалдық сауаттылығы – білім алушылардың функционалдық сауаттылғын дамытудың негізі» тақырыбында қалалық тәжірибелік- семинар өткізді. » КГУ «Общеобразовательная школа №96» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№96 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлім:
+7(727) 374-03-90
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-03-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Педагогтің функционалдық сауаттылығы – білім алушылардың функционалдық сауаттылғын дамытудың негізі» тақырыбында қалалық тәжірибелік- семинар өткізді.
04
желтоқсан
2023

«Педагогтің функционалдық сауаттылығы – білім алушылардың функционалдық сауаттылғын дамытудың негізі» тақырыбында қалалық тәжірибелік- семинар өткізді.

2023 жылдың 04 желтоқсан күні «Өрлеу» БАҰО АҚФ Республикалық кәсіби даму институты мен Алмалы ауданына қарасты  №96 жалпы білім беретін мектеп бірлесіп «Педагогтің функционалдық сауаттылығы – білім алушылардың функционалдық сауаттылғын дамытудың негізі» тақырыбында  қалалық тәжірибелік- семинар өткізді.    

Семинардың мақсаты – пән мұғалімдерінің  оқыту тәжірибелеріндегі функционалдық сауаттылықты дамытуды жетілдіру және курстан кейінгі қолдау  әрекеті бойынша ұйымдастырылды.

Семинарға Алмалы аудандық Білім бөлімінің басшысы Койшыбаева Зоя Кашкинбаевна, бас әдіскері Нурбаева Асем Джандарбековна, «Өрлеу» Республикалық кәсіби даму институтының аға оқытушылары Жартынова Жанар Алибековна, Есентаева Айжан Идрисовна, Карабалева Назерке Алимбайқызы, Аюпова Назым Алиятовна, ардагер ұстаз, Қазақстан Республикасының Білім беру саласының құрметті қызметкері Рымтай Құлжабайқызы және де 40-тан аса қала мектептерінің пән мұғалімдері,  оқу ісі жөніндегі орынбасарлары қатысты.

Семинар №96 жалпы білім беретін мектептің директоры, педагог-шебер,  білім саласының үздік маманы, көшбасшы Жумагалиева Райгул Халиковнаның алғы сөзімен басталды. 

Келесі сөз кезегін Алмалы ауданы Білім бөлімінің басшысы Койшыбаева Зоя Кашкинбаевна алып, келген қонақтар мен мектеп ұжымына игі тілегін білдірді.

“Өрлеу” БАҰО АҚФ Республикалық кәсіби даму институтының кафедра меңгерушісі, аға оқытушы, Халықаралық ақпараттандыру академиясының академигі Жартынова Жанар Алибековна жалпы функционалдық сауаттылықтың атқаратын қызметі туралы айтып өтті.

Семинардың теориялық бөлімінде «Білім алушылардың функционалдық сауаттылығын қалыптасытру» тақырыбы бойынша белсенді оқыту тренингі жүргізілді.  Тренингте функционалдық сауаттылықтың барлық түрлерін   дамыту,  сабақты жоспарлауда түсініп қолдану идеялары ұсынылды. Тренингті ағылшын тілі пәнінің мұғалімі, педагог-зерттеуші Рузанова Эльмира Серикбаевна мен орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Берденова Анар Сихымбаевна жүргізді.

Нақты тәжірибелік кезеңде оқу сауаттылығын дамытуға арналған  қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пәніндегі мәнмәтіндік тақырыптарды біріктіретін дайджест сабақтар көрсетілді. Бұл тәжірибедегі жаңашылдық – үш тілде оқушылардың  оқу сауаттылығындағы ақпаратты түсіну, рефлексия жасау дағдыларын қалыптастыру мақсат етілді. Дайджест сабақтар мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары Борашева Зульфия Куттыбаевнаның ұйымдастыруымен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Сейдашим Қамбар Ғазизұлы, Абдикаримова Наргиза Сейлбековна, орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Ағытаева Эльмира Амангельдиновна, Жумабаева Улшат Талимовна, Кадыралы Әйгерим Нұрланқызы, тарих пәні мұғалімі Жармагамбетова Айгул Еркиновна, ағылшын тілі пәні мұғалімдері Алибекова Баян Бегалықызы, Туртаева Бегайым Орынбасарқызы, Джуванишева Венера Ергазиевна өткізді.

Тәжірибелік-семинар соңында Республикалық кәсіби даму институтының жаратылыстану, математика және гуманитарлық ғылымдарды оқытудың мазмұны мен әдістемесі кафедрасының аға оқытушысы, магистр,  тренері Есентаева Айжан Идрисовна PISA халықаралық оқушы қабілетін бағалау бағдарламасы бойынша Қазақстан Республикасындағы соңғы бес жылдың талдау нәтижесімен бөлісті.  Кері байланыс ретінде келген қонақтар мен семинарға қатысушыларға  сұрақтар қойып, мәселелерді шешу жолдарын қалыптастыратын іс-шаралар жоспарын жасады.

Келесі сөз кезегін Алмалы ауданы Білім бөлімінің бас әдіскері Нурбаева Асем Джандарбековна алып, семинар бойынша өз ойымен бөлісіп, дайджест сабақтардың өте жоғары деңгейде өткізілгенін атап айтып, мектеп ұжымына игі тілектерін білдірді. Сондай-ақ, ардагер ұстаз, семинарымыздың қонағы, Қазақстан Республикасының Білім беру саласының құрметті қызметкері Рымтай Құлжабайқызы өз заманы мен бүгінгі таңдағы білім беру жүйесіндегі өзгерістер мен жаңашылдықты айтып, өз ойымен бөлісті.