«Отбасы құндылықтары және діни экстремизмнің алдын алу»/«Семейные
📢 «Отбасы құндылықтары және діни экстремизмнің алдын алу» тақырыбында ата-аналар жиналысы өтті. Жиналыста отбасы тәрбиесінің маңызы, ата-ана мен бала арасындағы өзара түсіністік пен сыйластық, сондай-ақ діни сауаттылықты арттыру мен экстремизмнің алдын алу жолдары талқыланды. Іс-шараның мақсаты — ата-аналардың қоғамдағы жауапкершілігін арттыру, жас ұрпақты дұрыс бағытта тәрбиелеуде бірлесе әрекет ету. 🕊 Отбасы – мейірім мен махаббаттың мекені, ал ұрпақ тәрбиесі – баршамыздың ортақ міндетіміз.