Тілдер мерекесі қарсаңында Мағжанның туғанына 130 жыл мерейтойына орай "Мен жастарға сенемін!"- атты кеш өткізілді. » КГУ «Общеобразовательная школа №96» Управления образования г.Алматы
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№96 жалпы білім беретін мектеп»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлім:
+7(727) 374-03-90
Есепші бөлімі:
+7(727) 374-03-89
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тілдер мерекесі қарсаңында Мағжанның туғанына 130 жыл мерейтойына орай "Мен жастарға сенемін!"- атты кеш өткізілді.
22
қыркүйек
2023

Тілдер мерекесі қарсаңында Мағжанның туғанына 130 жыл мерейтойына орай "Мен жастарға сенемін!"- атты кеш өткізілді.

Тілдер мерекесі қарсаңында Мағжанның туғанына 130 жыл мерейтойына орай "Мен жастарға сенемін!"- атты 9 "Ғ", 8 "Ғ", 5 сынып оқушылары мен танымдық кеш өткізілді. Танымдық кештің мақсаты: Мағжан –Абай поэзиясын жалғастырушы, ұлтын сүйген ақын екендігін таныту. өлеңдеріндегі ұлттық рух, еліне деген сүйіспеншіліктің жырлануын ұқтыру, балаларды патриоттыққа, ұлт жанашырларының еңбектерін ұмытпай дәріптеуге , солар сияқты ұлт жанашыры болуға үйрету. 

Танымдық кеш үш тілде өтті, өткізген мұғалімдер: Орыс тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі – Берденова Анар Сихимбаевна. Қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі - Жалилова Перизат Саматовна. Ағылшын тілі пәні мұғалімі - Тұртаева Бегайым Орынбасарқызы.
 Кеш барысында - Мағжанның өлеңдері, өмірбаяны ,еңбектері, балалық шағы, отбасы толық қамтылды. 9 "Ғ" сынып оқушыларынан "Алаш аманаты" күйін, "Мағжанға арнау" өлеңдерін тыңдадық, үш тілде мәнерлеп, жатқа оқыған балалардың өнерлерін көріп, Мағжанға деген, өлеңдеріне деген сүйіспеншіліктері, қызығушылықтары байқалды. Мағжанның жастарға деген сенімділігі мен көзқарасын балалар сезінгендей
.

Мектептің белсенді 6”ә”сынып оқушылары “Ұстаз-ана” әнімен ұстаздар күніне арналған флешмобқа қатысты.Мақсаты оқушылардың өмірдегі есте қаларлық алғашқы баспалдағы болған ұстаздарымызды қадірлеуге,құрметтеуге тәрбиелеу.

Жоғары сынып оқушыларына арнап, шетелде білім алу бағдарламасымен таныстыру мақсатында "International Educational Fair 2023" атты көрме өткізілді. 10 A сыныбы барып көрмені тамашалап, қызықтырған сұрақтарына жауап алып қайтты.